2024-2025 оқу жылының
«Оқуға құштар мектеп» жобасы жұмысының жылдық есебі.
Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды және көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде өткізілді.
Жобаның мақсаты: мектеп қызметкерлерінің, оқушылардың, ата-аналардың оқу мәдениеттіліктерін дамыту, оқушылардың оқу мәдениетінін және кітап оқу белсенділігінің деңгейін арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Жобаны іске асыру барысында кітапханалар қорын көркем әдебиеттермен толығады. Оқушылардың оқу құзыреттілігі артады, отбасылық оқуды насихатталып, ата-аналар кітап оқу жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға тартылады. Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппараты алфавиттік каталогтан, жүйелі каталогтан, картотекадан тұрады.
2024-2025 оқу жылындағы кітапхана жұмысының көрсеткіштері:
- Кітапханадағы оқырмандар саны – 98;
- Келушілер саны – 1270;
- Оқулықтармен бірге кітап беру саны – 1571 құрады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша іс-шаралар мектептің инстаграм сайтында салынып, әлеуметтік желілерде жарияланды. Мектеп мұғалімдері арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханашысы Сазанбаева А.Б сынып жетекшілермен бірлесе отырып, ата-аналар жиналыстарын өткізу барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жоспарымен таныстырып, оқушылардың кітап оқу мәселелері бойынша ата-аналардың атқаратын рөліне тоқталды. Сонымен қатар, ата-аналарды осы жобаға ат салысуға шақырды.
Барлық пән сабақтарында кітап оқу бойынша «Бес минуттық оқу» әдістемелері енгізіліп, сабақ тақырыптарына сәйкес поэзия минуттары ұйымдастырылды.
Кітапхананың белсенді мүшелері арасынан «Жас оқырман клубы» жұмыс жасайды.
Кітапханада «Буккроссинг немесе мектеп кітабы», «Оқуға құштар мектеп», «Оқырман бұрышы» атты бұрыштар бар. Мерейтойлық күндерге арналған авторлардың кітаптарымен көрме ұйымдастырылып, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, іс-шаралар өткізілді.
Каникул кезіндегі түрлі тақырыптарда кітаптар оқылды.
https://www.instagram.com/p/DEcWhDnMShz/?igsh=MWNuZDZqejlweGR5NA==
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Қолына кітап ал, таста телефонды!» акциясы өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DEcVtbxMVoz/?igsh=cGIxcXFjdnJicXNh
Ұлттық кітап күніне оай іс-шара өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DIySDuPM6-q/?igsh=Yndod3JibjZqdTA1
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DGC7LcGs5yz/?igsh=bTk5aTVwdGt5emsw
«Соғыс туралы кітаптарды оқимыз» тақырыбында акциясы өткізілді.
https://www.instagram.com/p/DGyIYlNMoKK/?igsh=cWY5bXlhajJ4Zno1
Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» өлеңін мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DGzeDldIstk/?igsh=YjRzNm03ZWQ0bHky
Көктемгі демалыс кезіндегі «Әдебиет әлемінде көктем самалы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DHqUz_ws-Wf/?igsh=MWJ0NnhkY2Z0djRncA==
«Менің сүйікті кітабым» челленджі
https://www.instagram.com/p/DEcV2dvsb5r/?igsh=NDNkcDl5ampvejZq
«Жақсы кітап – жан азығы» акциясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DEcWR5WsoHT/?igsh=MWQ3aXF6cnVza2Rlcw==
Жоба келесі оқу жылында да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Мектеп кітапханашысы: Сазанбаева Аклима Багдатовна