|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Обаған жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Убаганская общеобразовательная школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
8
Қыркүйек
2026
|
Мектебімізде жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында ата-аналарға оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары таныстырылып, білім алушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, ата-аналарға «Адал азамат» тұжырымдамасының мазмұны мен негізгі құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік, құрмет пен азаматтық белсенділік сияқты құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруде мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысының маңызы атап өтілді.
Кездесу барысында мектептің ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен тәртібіне қойылатын талаптар, мектеп формасын сақтау, оқушының сыртқы келбеті мен оқу мәдениетіне қатысты талаптар да назарға ұсынылды. Ата-аналарға мектеп өміріне қатысты маңызды ақпараттар беріліп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы мектепішілік жиналыстан кейін әр сыныптың жетекшісі ата-аналармен жеке сыныптық жиналыс өткізді. Сынып жетекшілері алдағы оқу жылындағы міндеттерге, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібіне, қауіпсіздігіне, сыныптағы тәрбие жұмысына және ата-анамен тұрақты байланыс орнатуға тоқталды. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ортақ мәселелер талқыланды.
Осындай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді байланысты нығайтып, бала тәрбиесі мен біліміндегі ортақ жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, мектеп пен отбасының бірлескен еңбегінің нәтижесі.



|
31
Тамыз
2026
|
Жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Карабаев Булат Жумашевич 5-сынып оқушысы Қабдреш Алинұрға қаржылай көмек көрсетті.
Бұл игі бастама оқушының жаңа оқу жылына тың көңіл-күймен, қажетті оқу құралдарымен дайындалуына үлкен қолдау болды. Балалардың білім алуына жанашырлық танытып, әлеуметтік жауапкершілік танытқан Карабаев Булат Жумашевичке шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мейірім мен қамқорлыққа негізделген осындай игі істер көбейе берсін!

|
13
Наурыз
2026
|
Бүгін мектебімізде жоспарлы оқу-жаттығу эвакуациясы өтті. Мұндай шаралар төтенше жағдай туындаған кезде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қалай әрекет ету керектігін үйрету үшін ұйымдастырылады.
Дабыл белгісі берілгеннен кейін барлық сыныптар мұғалімдердің жетекшілігімен мектеп ғимаратынан белгіленген эвакуациялық бағыттар арқылы тез әрі тәртіппен сыртқа шықты. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабырлы түрде қозғалды. Мұғалімдер әр сыныпты бақылап, барлық оқушылардың толық эвакуацияланғанын тексерді.
Жаттығудың басты мақсаты, төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу-жаттығулар балаларға қауіпсіздік мәдениетін меңгеруге көмектеседі.
Жалпы эвакуация ұйымдасқан түрде өтті. Оқушылар мен педагогтер қауіпсіздік талаптарын сақтап, өздерінің дайын екенін көрсетті. Мұндай жаттығулар алдағы уақытта да жалғасын табады, өйткені қауіпсіздік, әрқашан ең маңызды мәселе.
|
25
Ақпан
2026
|

|
2
Ақпан
2026
|

|
30
Қаңтар
2026
|
2026 жылдың 29 қантарында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа шағын орталық тәрбиеленушілерінің және мектеп алды даярлық сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Жиналыста «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерлерін, көздерін, түрлерін Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді. Аталған қаулыға келесі өзгерістер енгізілді:
көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың тамақтануына жұмсалған шығындар 100% мөлшерінде өтеледі, егер олар төмендегі санаттардың біріне жатса:
- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беру тәртібі түсіндірілді. Құжаттарды қабылдау мерзімдері, қажетті анықтамалар тізімі және өтініш берушілерге қойылатын талаптар айтылды. Сондай-ақ өтінішті қарау кезеңдері мен әлеуметтік көмекті тағайындау шарттарына қысқаша тоқталды.

|
30
Қаңтар
2026
|










