ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Обаған жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Убаганская общеобразовательная школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Убаган а.
+7 (714) 443 63 21
ubaganskaya@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Обаған жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Убаганская общеобразовательная школа отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

2026 жылғы 6 қарашада білім алушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және киберқұқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Менің телефоным – менің қауіпсіздігім» тақырыбында профилактикалық сабақ өткізілді.

Іс-шараға Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, учаскелік полиция инспекторы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор қатысты.

Сабақ барысында оқушыларға кибербуллингтің түрлері мен оның құқықтық салдары, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, тыйым салынған контентті қарау және тарату, жасөспірімдерді интернет арқылы құқыққа қайшы әрекеттерге тарту мәселелері талқыланып, мұндай әрекеттер үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға интернетте қауіп-қатерге, бопсалауға немесе алаяқтыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.

Басты мақсат – әрбір оқушының цифрлық кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және интернетті жауапкершілікпен пайдалануға үйрету.

#ЗаңМенТәртіп

WhatsApp_Image_2026-11-05_at_12.22.37.jpegWhatsApp_Image_2026-11-05_at_12.22.36_3.jpeg

WhatsApp_Image_2026-11-05_at_12.22.36_2.jpegWhatsApp_Image_2026-11-05_at_12.22.36_1.jpeg

WhatsApp_Image_2026-11-05_at_12.22.36.jpeg

© 2026. Все права защищены.