Бүгін “Заң мен тәртіп” идеологемасының аясында оқушылармен бірге полиция бөліміне экскурсияға бардық. Қызметкерлер бізді жылы қарсы алып, бөлімнің жұмысымен таныстырды. Музейді көрсетті, онда полиция тарихы мен қызмет жолы туралы көп мағлұмат алдық. Уақытша ұстау изоляторын да көріп, оның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Экскурсия балаларға ерекше әсер қалдырды, көп сұрақ қойып, қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер тәртіптің, заңның маңызын түсінуге және жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.












