Бүгін профилактикалық бағыттағы маңызды дәріс өтті.
Кездесу барысында есірткі мен алкогольдің зияны, интернет-алаяқтықтың алдын алу, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық тәртіп, сондай-ақ ІІМ Академиясына түсуге қызығушылық танытқан жастарға кәсіби бағдар беру мәселелері қозғалды.
Сонымен бірге антитеррорлық қауіпсіздік тақырыбы талқыланып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоғамда қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екені атап өтілді. Дәріске мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.








